Ақмола облысында жаңа спорт нысандары ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Мемлекет басшысының дене шынықтыру және бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттыру бойынша тапсырмасын жүзеге асыру шеңберінде дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің санын көбейту мәселесі кешенді түрде шешілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңірде дене шынықтыру және бұқаралық спорттың қолжетімділігі басты назарда. 2408 спорт нысаны жұмыс істейді. 2018 жылы қосымша 53 спорт нысаны қолданысқа берілді. Алты ауданда замануи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері жұмыс істейді.

Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының деректеріне сүйенсек, өткен жылы республикалық жол картасы жасалып, оған 2021 жылға дейін кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені енгізілді.

Мәселен, Ерейментау ауданында екі жүзу бассейіні, әмбебап және күрес залының жобасы қарастырылған.

«Нысандар уақтылы тапсыру үшін кестеге сай жұмыс істеу қажет. Қазіргі кезде, құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Ерейментаудағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені жергілікті тұрғындардың жиі баратын орнына айналатыны сөзсіз», - дейді аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Ербол Мәшкенов.

Сонымен қатар, Жақсы ауылында да жаңа нысан салынуда. Бос жатқан жерде жасанды жабындысы бар жаңа футбол алаңы салынып жатыр. Ашық алаңы 420 шаршы метр аумақта түрлі спорттық және балғындарға ойын жабдықтары орнатылады.

«Бұл Жастары жылы құрылғанына 80 жыл толатын ауылға елордадан 57,7 миллион теңгенің сыйы болмақ», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ләззат Сейдахметова.

Қала және ауылдарда жаңа спорт нысандары мен ойын алаңдарын ашуда бизнес құрылымдардың өкілдері белсенді қатысуда. 2018 жылы «Самұрық-Қазына» корпоративті қорымен жүргізілген жұмыстың нәтижесінде «Менің елім» әлеуметтік инвестиция бағдарламасы шеңберінде облыстың 4 ауданында көпбейінді спорт алаңдары ашылды. Биылғы жылы да бұл қормен жұмыс одан әрі жалғастырылатын болады. Қазірдің өзінде жаңа спорт алаңдары ашылатын 4 аудан анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар