Ақмола облысында жаңа мешіт ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Зеренді ауданында жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақан ауылында есігін айқара ашқан Мұқыш Қадырұлы атындағы мешіттің құрылысына қаржыны ауыл тұрғындары өздері жинаған.
null 

«Алаштың алтын шаңырағы» атты этно-мәдени фестивалі, «Туған жер» бағдарламасы және Алаш орданың 100 жылдығына орайластырылған мешітті ресми ашу құрметі Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит пен демеуші Жанарбек Оразалинге бұйырды.

Шара барысында «Алаштың алтын шаңырағы» фестивалі де ашылып, өткізілді. 
null 

Шарада Ақмола облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Бекназарова сөз алып, өзінің жүрек жарды құттықтауын жеткізді.

null null 

Соңғы жаңалықтар