+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты салынып жатыр

2021 жылғы 27 қыркүйек 17:33
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданында жаңа кірпіш зауытының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақмола облысында жасөспірімді пышақпен қорқытқан 60 жастағы ер адам ұсталды Көрмедегі Көкшетаудың құс ұшатын биіктен түсірілген суреттері көрермен қызығушылығын тудырды Ақмола облысында жол апаты салдарынан екі адам көз жұмды

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Самат Еңсебаевтың айтуынша, кірпіш зауытының құрылысы аудандағы ірі инвестициялық жобалардың бірі. Мұндағы инвестиция көлемі 11,2 миллиард теңгені құрайды. Кәсіпорында жылына 120 миллион дана кірпіш шығарылатын болады.

«Жыл соңына дейін нысанға барлық қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, оның ішінде кірме жолдар, газ құбыры торабы, электр желісі тартылып, теміржол тұйығы салынатын болады», - деді Самат Еңсебаев.

Ауданның кәсіпкерлік бөлімінің басшысы атап өткендей, ауданда құрылыс саласы өңір үшін перспективалы бағыттардың бірі саналады.

«Қарқынды дамып келе жатқан, елорда өзінің сәулетті келбетін өзгертіп қана қоймай өңірде сапалы құрылыс материалдарына деген сұранысты арттырып отыр. Сондықтан, бұл кірпіш зауытының өнімдеріне сұраныс мол болатыны сөзсіз. Сонымен бірге, бұл кәсіпорынның экономикалық тиімділігінен бөлек, әлеуметтік жағынан да пайдасы болады. Іске қосылған кезде 230 жаңа жұмыс орны ашылады», - деп толықтырды Самат Еңсебаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT