Ақмола облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысының индустриалды картасында пайда болған керамикалық кірпіш және ірі пішінді керамикалық блоктар шығаратын жаңа зауыт бұл жолы Қабанбай батыр ауылында ашылып отыр.

«Автоматтандырылған және жаңа технологияны қолдана отырып, бәскелестікке сай өнім шығаратын жаңа зауытты «Astana Ceramics» ЖШС-гі мемлекеттің қолдауы және қарызға алған қаржының көмегімен салған. Ол үшін «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы 2,5 миллиард теңге көлемінде несие бөлінді. Жобаның жалпы құны 3,8 миллард теңгені құрады», - деп түсіндірді ішкі саясат басқармасындағылар.
null

Қазіргі замаңғы технологиялармен жабдықталған кәсіпорында жылына 3 миллион дана өнім шығаруға болады. Оған қоса, зауытта 50 жаңа жұмыс орны ашылып отыр.

Зауыттың ашылуы рәсіміне Қазақстан Республикасындағы Испанияның Төтенше және өкілетті елшісі Педро Хосе Санс Серрано, «Beralmar Techologic S.A.» және «Talleres Felipe Verdes S.A» (Испания), сондай-ақ, «Харьковский машиностроительный завод «ПЛИНФА» ЧАО (Украина) компанияларының өкілдері қатысты.

«Құрылыс материалдары «Made in KZ» сауда белгісімен шығарылады. Сондықтан, облыста ғана емес, республика аумағында да жоғары сұранысқа ие болмақ», деп толықтырды ведомство.

null

Соңғы жаңалықтар