Ақмола облысында жаңа қаулы күшіне енді
2022 жылғы 28 қаңтар 23:48

Ақмола облысында жаңа қаулы күшіне енді

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының аумағында карантин шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өңірдің бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысында Ashyq» жобасының қатысушысы болып табылмайтын объектілер үшін облысаралық, қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдарға, облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдарға тыйым салынып отыр.

Ал туризм объектілері мен адамдар орналасып тұратын салада қызмет көрсететін ұйымдарға (қонақ үй, отель, демалыс үй, туристік база және т. б.) толықтырылуы 80 пайыздан асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Сұлулық салондары, шаштараз, маникюр және педикюр қызметтері, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін объектілер (жазылу бойынша) алдын ала жазылу бойынша, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

СПА орталықтары сенбі және жексенбі күндері жұмысын тоқтата тұрып, сағат 07-ден 22-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі.

Бұдан басқа, Ashyq жобасына қатысатын объектілерді қоспағанда, қоғамдық тамақтану объектілерінде, үйде, сонымен қатар ашық ауада отбасылық, ас беру (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салынып отыр.

Сонымен бірге, көпшілік іс-шараларын (мерекелік, діни, көпшілік спорт, ойын-сауық мәдени-көпшілік іс-шараларды, форум, конференция және т.б. өткізуге), отбасылық іс-шараларды (банкет, үйлену тойы, мерейтой, мерекелік корпоратив) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде, сонымен қатар ашық ауада өткізуге тыйым салынады.

«Жалпы білім беретін мектептерде («қызыл» аймақ): 1-4 бастауыш сыныптар (халықаралық мектептерде 1-6-сыныптар), 600 оқушыға дейінгіні қоса алғанда, сондай-ақ, 600 оқушыдан жоғары – мектептердің жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын жүктемемен штаттық форматта оқиды. Білім беру ұйымдарының әкімшісінің қалауы бойынша вакцинацияның толық курсын алған мектеп оқушыларын штаттық форматта оқытуға жол беріледі. Жоғары оқу орындарында және колледждерде аралас форматта – практикалық, зертханалық, семинар сабақтар, өндірістік практика икемді кесте бойынша штаттық режимде, дәріс онлайн түрде, мектептен тыс ұйымдарда – штаттық форматта жүзеге асырылады», - делінген қауылда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Jańalyqtar

MURAǴAT