Ақмола облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Аршалы кентінде жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Нысанда шағын футбол, баскетбол, волейбол, күрес, жаттығу залдары мен бассейн қарастырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі кезде нысанға инженерлік желіні тарту, ангар құрылысын монтаждау, әкімшілік корпустың ғабырғасын тұрғызу, блок-модульді қазандықты монтаждау жұмыстары аяқталды. Футбол алаңының асты құйылды. А блогында әрілеу, ішкі электрмен жабдықтау желісін тарту, бассейн және кәріз орналастыру, абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсет Бүкібаев атап өткендей, бұқаралық спортты дамыту үшін міндетті түрде спорттық инфрақұрылымдар салу керек. Облыста осы мәселеге зор көңіл бөлінуде.

«Биылғы жылы облыста дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Бұл нысандарда спорттың бірнеше түрімен шұғылдануға болады», - дейді Әсет Бүкібаев.

Соңғы жаңалықтар