+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Ақмола облысында жалға берілетін тұрғын үйлер салынып жатыр

2021 жылғы 12 мамыр 03:30
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында жалға берілетін тұрғын үйлер салынып жатыр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында баспанаға мұқтаж азаматтар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысы қарқын алуда. Жалпы өңір бойынша биыл жалға берілетін 37 тұрғын үй салынуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бағдарламасы» аясында Егіндікөл ауылында бірінші көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Қазіргі кезде құрылысшылар ғимараттың қабырғаларын тұрғызып, шатырын орнатты. Енді ішкі әрілеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігерлердің айтуынша, тұрғын үйді осы жылдың екінші тоқсанында тапсыру жоспарланған.

«Бүгінгі таңда Егіндікөл ауданында үш санат бойынша тұрғын үй кезегінде 65 адам тұр. Олар халықтың әлеуметтік осал топтары, жетім балалар және мемлекеттік қызметшілер. Жаңа пәтерлер кезектілік бойынша үлестіріледі» - деді аудан әкімі Ерлан Мұхамедин.

Биылғы жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен тартан жабыны бар балалардың ойын алаңын орнату, автокөлік тұрағы салу және тұрғын үй аумағын абаттандыру жұмыстары жүргізілетін болады.

Болашақта ауданда тұрғын үй мәселесін шешу үшін тағы бір жаңа 36 пәтерлі тұрғын үй салу жоспарлануда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT