Валюта бағамдары:
    usd/kzt 478.01 eur/kzt 488.81

    rub/kzt 7.91 cny/kzt 70.76
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Ақмола облысында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмды

2022 жылғы 3 шілде 01:41

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Целиноград ауданында зауыт аумағында ер адам тоққа түсіп, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шілденің 1-інде Целиноград аудандық полиция бөліміне жедел жәрдем станциясының фельдшері хабарласып, «Астана-керамика» кірпіш зауытының маңында жүк автокөлігімен жұмыс істеу кезінде 1976 жылғы ер адамның тоқ соғып, көз жұмғанын айтты», - деді Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Ведомстводан атап өткендей, қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Айта кетсек, бұдан бұрын Ақмола облысында құрылысшы тоққа түсіп көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Автор:

Аслан Оспанов

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары