Ақмола облысында заңсыз есірткі заттарын дайындаумен айналысқан 28 жастағы ер адам қолға түсті.

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола полицейлерімен жүргізілген «Көкнәр», «Допинг» жедел-алдын алу шарасы барысында заңсыз есірткі заттарын дайындаумен айналысқан 28 жастағы Щучье қаласының тұрғыны қолға түсті. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицейлердің мәліметі бойынша, тамыздың 11-15-не дейін облыс аумағында кең ауқымды «Допинг» жедел-алдын алу шарасының үшінші кезеңі өтуде.

Осынау шара аясында есірткі бизнесімен күрес басқармасында есепте тұрған 28 жастағы Щучье қаласының тұрғыны қолға түскен. Оның қалтасын тінту барысында 10 мл сұйық зат пен медициналық ине (шприц) табылды.

Сарапшылар күдіктінің қалтасынан табылған зат 0,0924 грамм апиын екенін анықтады.

Сонымен қатар, күдіктіні ұстаған жерден полимер шөлмекке құйылған сұйық зат, сірке қышқылының ыдысы тәрізді есірткі жасағанда қолданылатын өзге де заттар мен дәйектер табылды.

Қазіргі кезде күдіктінің үстінен ҚР ҚК 259-бабының 2 бөлімі (заңсыз есірткі заттарын әзірлеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері жыл басынан бері жасырын түрде апиын әзірлеген 8 факті тіркелді деп отыр.

Соңғы жаңалықтар