Ақмола облысында заңсыз елік атқан браконьерлер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында заңсыз елік атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 11 тамызында Бұланды ауданының ІІБ қызметкерлері Вознесенка аулының маңындағы аңшылық шаруашылығы аумағынан заңсыз аң ату оқиғасын анықтады. Оқиға орнына жеткен табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мен шаруашылық қорықшысы бөлшектелген еліктің еті мен аңшы пышағын және қап тапқан.

«Елен» ЖШС аңшылық шаруашылығының аға қорықшысының сөзінше, кешкісін белгісіз екі адам адам шаруашылық аумағында аңшылықпен айналысқан. Оларды қорықшы байқап қалған. Қорықшының көзіне түсіп қалған күдіктелер бірден қашып үлгереді. Кейін сол маңдағы орман алқабын сүзіп шыққан полицейлер иесі қалған ВАЗ-2106 көлігін табады. Көп ұзамай аталған көліктің иесі әрі күдікті Купчановка аулының 29 жастағы тұрғыны анықталды. Оған қоса, осы ауылдың 18 жастағы тағы бір тұрғыны ұсталды. Күдіктілердің екеуі де заңсыз түлкі аулағандарын мойындады», деп түсіндірді полицейлер.

Қоршаған ортаға келтірілген шығын көлемі 340 350 теңгені құрады. Қазіргі кезде, ҚР ҚК 337 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар