Ақмола облысында заңсыз аукцион өткізген аудандық жер қатынастарының басшысы қызметінен кетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Прокуратураның ұсынысымен Бурабай аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

Бұл туралы Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Бурабай аудандық прокуратурасымен аудандық жер қатынастары бөліміне ҚР Жер заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша тексеріс жүргізілді.

Тексеріс барысында анықталғандай ағымдағы жылдың 15 сәуірінде жер телімдерін сату жөнінде аукцион өткізілген. Онда жалпы құны 25 100 000 теңгеге 11 жер телімі сатылған.

Бұл аукцион егжей-тегжейлі жоспарлаусыз, яғни, ҚР Жер Кодексінің 44-1 бабының 8 бөлімін бұзу арқылы жүзеге асқан.

Осыған орай 11 жер телімін жекеменшікке сату Жер заңнамасының талаптарын бұзу арқылы асығыс жасалғаны анықталды.

Прокуратура жүргізген тексеріс нәтижесіне сай Бурабай аудандық әкімдігіне жер телімін сату бойынша өткізілген аукцион қорытындысының күшін жою және жер  заңнамасының талаптарын бұзуға жол берген жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілкке тарту туралы ұсыныс жолданды.

Осыған орай, прокуратураның ұсынысымен аудандық әкімдік тарапынан аукцион қорытындысы күшін жойды, сондай-ақ, Бурабай аудандық жер қатынастары бөлімі басшысының міндетін атқарушы қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар