Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер қолға түсті (ФОТО)

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында заңсыз аңшылықпен айналысқан браконьерлер қолға түсті.

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Қорғалжын ауданы ІІБ қызметкерлері жүргізген «Жол қозғалысының қауіпсіз апталығы» алдын алу шарасы барысында «Астана - Қорғалжын» тас жолының бойындағы Сабынды ауылының маңында тіркемесі бар «Фольксваген Пассат» көлігі тоқтатылып, тексерілген.

Тексеріс барысында көлік тіркемесінен 5 қоянның өлексесі мен 2 аңшы мылтығы табылды. Көлік иесі, ер адам түнгі уақытта Астана қаласынан арнайы шығып, қараңғыда көліктің жарығымен қоян ауламақ болған. Оның аңшылық жасау жөнінде ешқандай рұқсат құжаты болмаған және оған қоса қазіргі кезде қоян атуға тыйым салынған.

Сонымен қатар, Шортанды ауданында көліктің жүк салғышына еліктің өлексесін салып алғаң браконьер ұсталды. Бұл жөнінде құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне «Атамекен» аңшылық шаруашылығының директоры хабарлады.

Жедел-іздестіру шарасы барысында 56 жастағы Астана қаласының тұрғыны қолға түсті. Ол өзінің «Фольксваген Пассат» көлігімен Дамса ауылына келіп, сондағы танысының қарда жүретін көлігімен заңсыз аңшылық жасаған.

Тексеріс кезінде оның да аң аулаға рұқсат қағазы болмай шықты.

Полицейлер браконьерден еліктің өлексесі, МР-153 маркалы мылтық, 44 оқ пен пышақ тәркіледі.

Қазіргі кезде, аталған оқиғаға байланысты ҚР ҚК 337-бабының 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп көрсетілген хабарламада.
null
null

Соңғы жаңалықтар