Ақмола облысында «ВАЗ-2103» автокөлігін ұрлаған азамат қолға түсті

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында «ВАЗ-2103» автокөлігін айдап әкеткен 28 жасар Зеренді ауданының тұрғыны ұсталды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Кеше Степногор қалалық ІІБ-не 22 жасар азамат ЖШС-нің бірінің аумағында тұрған «ВАЗ-2103» автокөлігін айдап әкеткені жөнінде шағымданған болатын. Осыған орай облыстағы барлық ішкі істер бөлімдері ақпараттандырылды. Жедел іздестіру шаралары барысында «Ақсу-Торғай» тасжолының бойында Степногор қалалық ІІБ қызметкерлері «ВАЗ-2103» автокөлігін айдап әкеткен 28 жасар Зеренді ауданының тұрғынын қолға түсірді.

Қазіргі кезде аталған фактіге байланысты ҚР ҚК 185 бабының 1 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар