Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51
Jańalyqtar

Ақмола облысында үздік спортшылар марапатталды

2018 жылғы 6 желтоқсан 11:02 61
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында үздік спортшылар марапатталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин халықаралық жарыстарда топ жарған спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодарда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Ertis Olympic бассейні ашылды Ақмола облысында жаңа спорт алаңы ашылды

Ведомствоның мәліметінше, биыл 70-тен астам ақмолалық спортшы халықаралық жарыстарда топ жарды. Олар өздерінің қажырлы еңбегінің арқасында өңірде, республикамызда спорттың дамуына зор үлес қосуда. Облыс басшылығы тарапынан спортшыларға ұдайы көңіл бөліп келеді. Қабылдауда аймақ басшысы Мәлік Мырзалин спортшыларды және жаттықтырушыларды халықаралық аренада жеткен жетістіктерімен құттықтады.

«Бүгін спортшылар мен жаттықтырушыларға алғыс айтуға мүмкіндік туып отыр. Спорт - Отанның абыройы үшін өте ауыр еңбек. Барша ақмолалықтар атынан сіздерді құттықтаймын. Біз сіздермен мақтанамыз», - деді Мәлік Мырзалин.

Салтанатты шарада аймақ басшысы М.Мырзалин 2018 жылы III Азия пара ойындарында екінші орын алған Давид Дегтярев пен оның жаттықтырушысы Юрий Колесников, III Дүниежүзілік көшпенділер ойынында бірінші және екінші орын алғандар Олег Сазонов пен Леонид Станеев және олардың жаттықтырушылары Илья Илин мен Ерік Шолымов, бокстан әлем чемпионатында үшінші орын алған Карина Ибрагимова мен оның жаттықтырушысы Александр Высоцкий, III Жасөспірімдердің олимпиада ойындарында екінші орын алған Талғат Шәйкен мен оның жаттықтырушысы Қуат Бейсенбаев сияқты танымал спортшылар мен жаттықтырушыларға сый-сыяпат жасады.

Ақмола облысында үздік спортшылар марапатталды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт, Ақмола облысы,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
MURAǴAT