Ақмола облысында үйір жылқыны айдап кеткен барымташы ұсталды
2017 жылғы 17 маусым 00:25

Ақмола облысында үйір жылқыны айдап кеткен барымташы ұсталды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 50-ден астам жылқыны айдап əкеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Полицейлердің мәліметі бойынша 13 мамырнда Бұланды аудандық ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруа қожалығының басшысы арызданған. 70 жастағы қарияның сөзіне қарағанда 4 мамыр күні Отрадное ауылының маңында жайылып жүрген 52 жылқысы жоғалып кеткен.

Аталған қылмыстың бетін ашу үшін арнайы жедел тобы құрылды. Мал иесінің полицейлерге кеш хабарласуы ұрыны қылмыстың ізін суытпай ұстауға біраз қиындық туғызды. Алайда, ширақтық əрі жоғары кəсіби шеберлік танытқан полицейлер күдіктіні, яғни Бурабай ауданының 53 жастағы тұрғынын қол түсірді

«Қазіргі кезде, қолды болған малдың біраз бөлігі иесіне қайтарылды. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына тоғытылып, үстінен ҚР ҚК 188 бабының 4 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Jańalyqtar

MURAǴAT