Ақмола облысында үй өртеніп, оқиға орнынан ерлі-зайыптылардың мәйіті табылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Щучье қаласында тұрғын үй өртеніп, үй иесі мен оның әйелі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Тһтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өрт мамырдың 14-де Грантиная көшесі 3 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйде болған. Бұл туралы Щучье қаласындағы өрт сөндіру қызметінің кезекшілік бөліміне сол күні таңғы сағат 07:08 ақпарат түскен.

«Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 11 адам және 2 арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнынан 1967 жылғы үй иесі мен оның 1979 жылғы әйелінің денесі табылды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Динара Есенбаева.


Ведомстводан атап өткендей, көз жұмған ерлі – зайыптылардың қызының айтуынша, өрт болардың алдында ата-анасы үйінде ішімдік ішіп, темекі тартқан. Қазіргі кезде олардың денесі сот-медицианлық сараптама үшін мәйітханаға жіберілді. Өрттің нақтылы шығу себептері анықталу үстінде.



Соңғы жаңалықтар