Ақмола облысында үсік жүрсе, кей өңірде өрт қаупі бар – ауа райы болжамы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақмола облысында үсік жүрсе, кей өңірде өрт қаупі бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Ақмола облысының оңтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-батысында, шығысында топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі.

Қостанай облысының басым бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде күндіз шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Абай облысының солтүстігінде, орталығында күндіз жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күші 15-20 м/с. Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының оңтүстік-шығысында күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. күтіледі. Облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. Павлодар қаласында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Ұлытау облысының орталығында 26-27 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында 26-28 мамырда өте жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Соңғы жаңалықтар