Ақмола облысында үшем дүниеге келді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Жақсы ауданында үшем дүниеге келді. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Үшемді дүниеге әкелген Жақсы ауданының Запорожье ауылының тұрғыны 1987 жылғы келіншек. Туған нәрестенің 3-уі де қыз бала. Нәрестелердің салмағы 1,9, 1,6 және 1,5 келі тартады», деп көрсетілген хабарламада. Еске сала кетсек, алтын құрсақ ана осыған дейін де 2008 жылы егіз ұл мен қызды дүниеге әкелген болатын. Енді ол 7 баланың анасы болды.

Соңғы жаңалықтар