Ақмола облысында үш бапкердің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Целиноград ауданында үш бапкердің жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды. Полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биылғы жылғы наурыздың 12-де Целиноград ауданының полиция бөліміне жергілікті спорт мектептерінің бірінің бапкерлері жұмысқа орналасу кезінде жоғары оқу орнын бітіргені туралы жалған дипломдар ұсынғаны туралы ақпарат түсті.

«Тексеру барысында анықталғандай, Нұр-Сұлтан қаласының 1980, 1983 және 1995 жылғы тұрғындары шамамен екі жыл бойы жалған дипломмен балаларды жаттықтырып келген. Жоғары білім туралы құжаттарында олардың қазақ спорт және туризм академиясын бітіргендігі көрсетілген. Алайда, аталмыш оқу орнына сұрау салу кезінде бұл азаматтар онда оқымағаны анықталды. Жалған дипломдарын 2003, 2009 және 2018 жылдары алған», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы 3 жағдайға байланысты Қылмыстық кодекстің 385 бабының 3 бөлігі «көрінеу жалған құжатты пайдалану» бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды. Жалған дипломдар заттай дәлелдемелер ретінде алынды, тергеу жалғасуда.


Соңғы жаңалықтар