Ақмола облысында үш бала кавасаки синдромынан жазылып шықты

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында үш бала кавасаки синдромынан емделіп шықты.
Бұл туралы журнлаистермен өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сүлен Ілясов айтты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі күні облыста 905 науқасқа арналған 12 жұқпалы аурулар станционары, 84 жансақтау орны бар. Қосымша 990 кереует 14 станционар 103 жансақтау орны жасақталды. Станционарларда 310 адам емделуде. Оның ішінде 23 науқастың жағдайы ауыр, 3 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
«Облыстың медициналық ұйымдарында 425 жасанды тыныс алу аппараты бар болса, оның 203-і портативті. Жалпы, медициналық жабдықтарды сатып алу үшін облыстық бюджеттен 3,7 миллиард теңге қаржы бөлінді», - деді С. Ильясов.
Сонымен қатар, өңірде балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайы тіркелгенін атап өтті.
«Балалар арасында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар бар. Оның ішінде 3 бала кавасаки синдромынан сауығып шықты. Бұл аталмыш дерттің асқынуының бір түрі. Өзімде биовен - спецификалық препаратының болуы балаларды емдеуде пайдасы тиді. Осының арқасында балалар кавасаки синдромынан толық сауығып шықты. Облыс әкімдігі бөлген 10 миллион теңге қаржыға аталмыш препарат сатып алынды. Бүгінгі таңда станционарда тағы 6 бала ем қабылдауда. Олардың жағдай қанағаттанарлық», - деп толықтырды С. Ильясов.
- Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Атырауда мейрамханалар мен дәмханалардың жұмыс уақыты қысқарды
- Нидерландыда коменданттық сағат тәртібін бұзғандар жазаланды
- Карантин: Алматыда екі бір тәулікте 370 кәсіпкерлік нысан тексерілді
-
Коронавирус: Қазақстанға шетелден 345 азамат анықтамасыз келді
-
Гонконгте індет тарағалы алғаш рет локдаун енгізілді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам