Ақмола облысында үш әйелге пышақ жарақатын салған қаскөй ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш әйелге пышақ жарақатын салған қаскөй ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы 14 наурызда Есіл аудандық ПБ кезекшілік бөліміне 66 жастағы жерлікті тұрғын хабарласып, түнгі уақытта көршілерінің тыныштықты бұзғанын айтқан.

«Айтылған мекенжай бойынша барған полиция қызметкерлері 47 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті бұрын сотты болған. Анықталғандай, ол қосылып спирттік ішімдік ішкен 31, 35 және 36 жастағы үш әйелге пышақ жарақатын салған. Зардап шегушілер аурханаға жатқызылды», дейді ведомстводан.

ПД қызметкерлері атап өткендей, қазіргі кезде, аталмыш оқиға байланысты ҚР ҚК 107 бабы (Қасақана денсаулығына орташа ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге тергеу уақытында шақырған уақытта міндетті түрде келу процессуалдық шешім шығарылды.


Соңғы жаңалықтар