Ақмола облысында үш ауданға жаңа әкім тағайындалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында үш ауданға жаңа әкім тағайындалды. Сандықтау ауданына - Ербол Жүсіпбеков, Жарқайың ауданына - Жанболат Хамитов және Аршалы ауданына Айдар Байманов әкім болып барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ербол Жүсіпбеков 1965 жылы Ақмола облысының Зеренді ауданы Краснояр ауылында туған.

1989 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын тәмамдап, «Чистопольский» кеңшарында зоотехник-селекционер болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Садовый ауылдық округінің әкімі, Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы, кейін аудан әкімі болды.

Жанболат Хамитов 1962 Торғай облысында туған.

2003 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылдың маусымында бұрынғы Торғай облысының Қима совхозында инженер-технолог болып бастаған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының басшысы лауазымында болды.

Айдар Байманов 1968 жылы туған.

1994 жылы Мәскеу технологиялық институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы Ақмола облысы әкімшілігінің жетекші маманы болып бастаған.

1994 жылдан 2010 жылға дейін - ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің түрлі басшылық лауазымдарын атқарды.

2010-2012 жылдары – «Есіл ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

2014 жылы-Астана қаласы, Қаржы министрлігі Салық комитетінің есеп, талдау және мониторинг басқармасының басшысы.

2014 жылдан 2019 жылға дейін жеке секторда басшылық лауазымдарды атқарды.

2019 жылдан бастап Есіл ауданы әкімінің орынбасары болды.


Соңғы жаңалықтар