Ақмола облысында ұрылар бір отар қойды айдап әкеткен

None
None
КӨКШЕТАУ.ҚазАқпарат - Ақмола облысында бір отар қойды айдап əкеткен ұрылар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметі бойынша ағымдағы жылдың 11 тамызында Ерейментау ауданының ІІБ кезекшілік бөліміне жергілікті шаруа қожалығының басшысы 62 жастағы  жергілікті тұрғын арызданып, фермадағы 127 қойының ұрланғанын айтқан.

Жедел іздестіру шарасы барысында полицейлер 1994 жəне 1989 жылғы екі астаналықты қолға түсірді. Күдіктілердің сөзінше, бір отар қойды 60 шақырым жердегі қараусыз қалған фермаға жасырған. Артынша Астана қаласында біртіндеп сатпақ болған. Келтірілген шығын көлемі 3583000 теңгені құрады. Келтірілген шығын толықтай өтелді.

"Қазіргі кезде күдіктілер уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, үстерінен ҚР ҚК 188 бабының 3 бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды", деп түсіндірді полицейлер.

Соңғы жаңалықтар