Ақмола облысында ҰОС-ның майдангерлеріне ескерткіш орнатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астрахан ауданының Ковыленка ауылында Ұлы Отан соғысына қатысушыларына арналған ескерткіш ашылды.

Ауыл мектебінің ауласында орнатылған ескерткіштің ашылуы Жеңістің 70 жылдығы аясында қолға алынған. Ол майдангерлердің ұрпақтары мен демеушілерінің қаражаттары есебінен салынды. Оның ішінде «Колутон -04» ЖШС-нің басшысы Петр Подоксенов 100 мың теңге көлемінде демеушілік көрсетті.

Ескерткіштің ашылу салтанатына аудандық ардагерлер Кеңесінің төрағасы Сағынай Сейітжанов, Ескі Колутон ауылдық округінің әкімі Владимир Крапивко, құрылысшылар және ауыл тұрғындары мен қонақтары қатысып, көптен күткен қуанышқа ортақтасты.

Ескерткіштің ашылуына бастамашылық танытқан Мария Дидиченконың айтуынша, Ковыленка ауылынан майданға 94 адам аттанған екен. Оның 7-і Марияның бауырлары. Майдангерлердің жартысынан астамы үйлеріне қайтып оралмаған. Осы күні Ковыленка ауылынан шыққан майдангерлердің туған-туыстары көрші Атбасар ауданында тұрып жатыр. Олар ескерткіш орнатылатын ести саласымен бірден қаржыларын аударып, қолұшын созған.

Соңғы жаңалықтар