Ақмола облысында универсиада жүлдегерлеріне ауылдастары құрмет көрсетті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының Сандықтау ауданында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың жеңімпаздарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қазақстан құрамасының қоржынына үш күміс және бір қола медаль салған сандықтаулық төрт спортшы - Роман Еремин, Ольга Мандрика, Ринат Мухин, Сергей Сирик жəне олардың жаттықтырушылары Александр Мухин, Сәуле Мухина, Иван Спиридонидиді Балкашино селосында  аудан əкімі Асылбек Исмағамбетов бастаған жерлестері құшақ жая қарсы алды.

Аудан әкімі өңірде бұқаралық спортты дамыту бағытында бірқатар игі істердің жүзеге асырылып жатқанын айта келе, халықаралық бәсекеде ел абыройын асқақтатып, жеңіс тұғырынан көрінген жерлес спортшылардың табысымен құттықтап, Құрмет грамоталарымен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар