Ақмола облысында улы газ датчигінің арқасында бір отбасы аман қалды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында улы газды анықтайтын дачиктің арқасында бес адамнан тұратын бүтін бір отбасы аман қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақсу кентінде түнгі уақытта жеке тұрғын үйден өрт шыққан. Үйде жалғызбасты әйел мен оның үш баласы және ағасы ұйықтап жатқан. Бұған дейін Степногор қалалық әкімінің қолдауымен «Өрт қауіпсіздігі күні» акциясы шеңберінде аталмыш үйге улы газды анықтайтын датчик орнатылған екен. Өрт шыққан кезде осы құрылғы іске қосылған.

«Оқиға орнына дереу Степногор қалалық құтқару-өрт сөндіру бөлімшесінің жеке құрамы мен күштері, «Степногор ЕПЗ» АҚ жұмысшылары жұмылдырылды. Өрт 28 шаршы метр аумақты шарпыды. Улы газды анықтайтын датчиктің арқасында бес адамнан тұратын бүтін бір отбасы сыртқа шығып аман қалды», - дейді ведомстводан.

Айта кетейік, Ақмола облысында жылыту маусымы басталғаннан бері үйлерге осындай 763 датчик орнатылған.


Соңғы жаңалықтар