+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

Ақмола облысында учаскелік полиция қызметкерлері пәтер алды

2017 жылғы 28 маусым 18:39
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында учаскелік полиция қызметкерлері пәтер алды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясының 25 жылдығына орай Ақмола облысының Астрахан аудандық ІІБ учаскелік полиция қызметкерлеріне екі пәтер мен үш автокөлік тапсырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, салтанатты шараға аудан әкімі Талғат Ерсейітов, аудан активі және ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

null

Аудан әкімі салтанатты түрде Николаевский селолық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Еркін Абдуллин жəне Қызылжар селолық округінің учаскелік полиция инспекторының көмекшісі, аға лейтенант Сəлімжан Ержановқа қызметтік пәтердің кілтін тапсырды.

Сонымен қатар, селолық округтерге қызмет көрсететін учаскелік инспекторлар Мирас Қасенов, Еркін Абдуллин және Мұрат Қошқарбаевқа үш «Нива» автокөлігі тапсырылды.

null

Осы күні полицияда 25 жылдан астам уақыт қызмет істеген құқық қорғау органдарының 8 қызметкері зейнетке шығарылса, 11 ардагер «Қазақстан полициясына 25 жыл» медалімен марапатталды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT