USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Ақмола облысында ТЖ тап болған шетелдіктер құтқарылды

2018 жылғы 2 наурыз 11:18
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында ТЖ тап болған шетелдіктер құтқарылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында шетел азаматтары отырған жолаушылар автобусы істен шығып, 54 адам құтқарылды. Оның 2-уі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақтық ТЖД дерегі бойынша, оқиға 2 наурызда Бұланды ауданының Алакөл ауылынан 1 шақырым қашықтықта «Астана-Петропавл» тас жолының бойында болған.

«Мерке-Екатеринбор» бағытындағы «Ванхол» жолаушылар автобусы істен шықты. Оқиға орнына жеткен Бұланды аудандық ТЖБ және жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері көлікте болған жолаушыларды Алакөл орта мектебіне жайғастырды. Жолаушылардың 52-і Тәжікстан Республикасының (2-і бала), 1-і Ресей Федерациясының азаматы және 2-і Қазақстан азаматтары (жүргізушілер)», деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT