Ақмола облысында ТЖ кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықталған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында карантин режимі талаптарының сақталуын қадағалау бойынша тұрақты түрде арнайы рейдтер ұйымдастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, рейд кезінде өңірдің санитарлық қызметінің мобильдік тобы өкілдері 1555 адамға карантин режимі талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізген.

«Эпидемияға қарсы шаралар барысында 1989 нысан тексеріліп, оның 244-де заң бұзушылық анықталды. Төтенше жағдай енгізілген уақыт ішінде барлығы 144 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, 2764 жеке тұлғамен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді. Карантин режимі талаптарын бұзған жеке тұлғаларға қатысты 370 әкімшілік хаттама толтырылды.

Сот тарапынан 369 қаулы шығарылды, оның ішінде жалпы соммасы 3 миллион 962 мың 484 теңге көлемінде 154 айыппұл салынды. 51 іс бойынша ескерту жасалып, 164 іске қатысты қамауға алу туралы шешім шығарылды. Тағы 145 әкімшілік іс сот органдарының қарауында жатыр», - дейді ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар