Ақмола облысында түйнеме карантині алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Ақмола облысының Аршалы ауданы Ольгинка ауылында түйнеменің тұтануына байланысты 2019 жылғы 17 тамызда енгізілген карантин қазіргі таңда алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР АШМ сайтына сілтеме жасап.

«Ауылдың барлық үйлері зарарсыздандырылғаннан кейін ауруды қоздырғыштар табылған жоқ. Бұны сараптаманың қорытындысы растады. Сондай-ақ малдардың ауруды жұқтыруы мен өліміне әкеп соққан жаңа жағдайлар тіркелген жоқ», делінген хабарламада. Министрліктің мәдіметінше, қазіргі таңда эпизоотикалық жағдай тұрақты және өңірдің мал дәрігерлік қызметінің бақылауында тұр. Облыстың денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, адамдар арасында жаңадан қауіпті дертті жұқтыру анықталмаған. Бұған дейін ауруханаға жатқызылған адамдар және олармен байланысты болғандар медициналық мекемеден шығарылды. Еске салсақ, 18 тамыз күні Ақмола облысының Аршалы ауданына қарасты Ольгинка ауылында түйнемеге қатысты карантин жарияланды. 19 тамызда залалданған еттің 80 пайызы жойылған болатын. Сол күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 15 күннен кейін Ольгинка ауылындағы карантинды алып тастайтындарын айтқан. ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров індет топырақтан шықты деген болжам айтқан.



Соңғы жаңалықтар