Ақмола облысында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған орталық ашылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Бурабай ауданында тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсететін «Үміт» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталықтың 15 адамға дейін қабылдауға мүмкіндігі бар. Онда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағандарға психологиялық-әлеуметтік бейімдеу бойынша қызмет, заңгерлік және медициналық көмек көрсетіледі. Жаңа ғимаратта қабылдау бөлімі, дәрігер және әлеуметтік қызметкер кабинеті, сондай-ақ, жатын орын, асхана, балалар алаңы қарастырылған.

Орталықтың ашылуы рәсіміне Бурабай ауданының әкімі Қанат Қарауылов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері және аудандық ІІБ әйелдерді зорлық-зомблықтан қорғау бойынша аға инспекторы, полиция майоры Анар Рыспаева қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

«Орталықтың ашылуы тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күресуде маңызды қадам болып отыр. Мұнда қиын жағдайға душар болған әйелдердің бейімделуіне барлық жағдай жасалған. Орталыққа түскен әйелдер алты ай бойы тұрып, тегін тамақтанады. Кейін құжаттарын рәсімдеп, жұмысқа да орналасуына жағдай жасалынады», деп атап өтті Анар Рыспаева.

Айта кетейік, бұл Ақмола облысында ашылып отырған 3-ші орталық. Осыған дейін Көкшетау және Степногорск қалаларында орталық іске қосылды. Енді Щучье қаласында ашылып отыр.

Биылғы жылдың басынан бері Ақмола облысында 1 000 әйел полицияға көмек сұрап жүгінген. Оның ішінде тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша 467 адам жауапқа тартылған.

null

Соңғы жаңалықтар