Ақмола облысында түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында түрмеден қашқан аса қауіпті қылмыскер ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«17 маусым күні Степногорск қаласындағы ЕЦ-165/18 мекемесінен аса ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан Е.Ж.Қасенов қашып кетті. Ішкі істер органдары кешенді шұғыл-іздестіру шараларының нәтижесінде сотталушының орналасқан жерін анықтап, ол ұсталды», - деп мәлім етті ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметінен.

Аталған факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізілуде.

Еске салайық, бүгін түнде Степногорск қаласындағы ЕЦ-165/18 мекемесінен кісі өлтіру, зорлау және ұрлық қылмыстары үшін жазасын өтеп жатқан 26 жастағы сотталушы қашып кеткен болатын.

 

Соңғы жаңалықтар