Ақмола облысында туристік геопортал ашылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат-Ақмола облысында цифрландыру жобасы шеңберінде туристік геопортал ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте  Ақмола облыстық туризм басқармасының басшы Данияр Идиятов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Басқарма басшысының айтуынша, геопорталға 50 астам көрікті жерлер, 43 киелі орындар,  25 туристік бағыттар (Көкшетау, Бурабай, Зеренді, Сандықтау, Қорғалжын) енеді.

Онда түрлі түсті жазулар мен фото ғана емес, геолакцияның қазіргі замаңғы технологиясы, 3D көрсетілім, брондау  жəне тағы басқа қызметтер болады.

«Облыстағы маңызды саланы цифрландыру шеңберінде «E-Туризм» жүйесі жасалды», деп атап өтті Д.Идиятов.

«Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығында  Ақмола облысының туристік əлеуеті туралы қазақ, орыс жəне ағылшын тілді интернет ресурсті іске қосу жұмыстары аяқталуға жақын.

Веб-дизайнның трендін қолдану арқылы жасалған жаңа сайт қолданушыларға елді мекенді, орналасқан нысандар жəне сауықтыру орындарын таңдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сайт ақпараттық киоск жүйесімен қамтылған. Онда туристер өздеріне қажетті кез-келген ақпаратты ала алады. Осындай ақпараттық киоскілер Астанадағы Н.Назарбаев әуежайында, «Нұрлы жол» вокзалында жəне Бурабайдағы «Бурабай Даму» ЖШС визит орталығында орналасқан. Алдағы уақытта еліміздің əр өңірі жəне Ресейдің шекаралас аймақтарында да орнату жоспарда бар.

Соңғы жаңалықтар