Ақмола облысында тұрғындардан тіркелмеген 110 дана қару алынды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тіркелмеген 110 дана қару ішкі істер органдарына тапсырылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Тұрғындардан тіркелмеген қаруларды сатып алу бойынша республикалық акцияның басталғанына алты күн өтті. Осы аралықта облыс бойынша 110 дана суық қару ішкі істер органдарына тапсырылған. Оның ішінде 10-ы - иір ойықты мылтық болса, 98-і - тегіс стволды, 2-уі - зақымды, сондай-ақ 2 граната мен 721 патрон бар.

Айта кетейік, полицейлер жүргізіліп жатқан шаралар өз еркімен суық қару және басқада жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға қосымша ақшалай сыйақы алуға мүмкіндік береді дейді. Сондай-ақ, олардың қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын ескертеді.

Соңғы жаңалықтар