Ақмола облысында тұрғын үйдегі өрттен үш адам ажал құшты

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында болған өрт үш адамның өмірін қиып кетті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша маусымның 10-ы күні түнгі сағат 03:32 шамасында Бурабай ауданындағы Қарашілік ауылында екі пәтерлі тұрғын үй өртке оранған. Тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық ТЖД "Өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің" жеке құрамынан 11 қызметкер және 2 өрт сөндіру техникасы тартылды. Оқиға орнынан 1939 жылғы әйел мен 1981 жылғы мүгедек жігіттің денесі табылды.

Осы күні кешкі сағат 20:26 минут шамасында Көкшетау қаласының іргесіндегі Застанционный кентінде 4 пәтерлі тұрғын үйде де өрт болған. Мұнда 1951 жылы туылған зейнеткер әйелдің мүрдесі табылды.

Соңғы жаңалықтар