Ақмола облысында тұрғын үйде болған өрттен 2 адам көз жұмып, 1 адам жапа шекті

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Сандықтау ауданында екі пәтерлі тұрғын үйден өрт шығып, 2 адам көз жұмды, тағы 1 адам жапа шекті.

Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өрт 7 қараша күні кешкі уақыт 21:04 минут шамасында Сандықтау ауданының Шаңтөбе кентінде екі пәтерлі тұрғын үйде болды. Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД «өрт қызметі және апатты-құтқару жұмысы» ММ-нің жеке құрамынан 4 адам және 1 арнайы өрт сөндіру техникасы, «Рудник-Шаңтөбе» ЖШС-нің 2 жұмысшы жұмылдырылды.

Осының салдарынан 1 адам зардап шексе, 1930 және 1981 жылы туылған екі адам селолық медициналық пункті де көз жұмды», деп көрсетілген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар