Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тұрғын үй құрылысының көлемі артып келеді. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырылғаннан бергі 2 жылдың ішінде барлығы 900 мыңнан астам шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 8350 отбасы пәтер мәселесін шешті. Оның ішінде 2018 жылы барлығы 4707 пәтер пайдалануға берілді. Мемлекеттік инвестиция арқасында 11 жалдамалы және 3 несиелік үй салынды», - деді аймақ басшысы Мәлік Мырзалин.

Облыста биылғы жылға да үлкен жоспарлар жасалып отыр.

«Биылғы жылы үлкен көлемде, яғни алғаш рет 5 мың пәтер пайдалануға беріледі», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, облыста жеке тұрғын үйлер салу үшін алдағы 3 жыл ішінде 5 мыңнан астам жер телімі су және электермен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, «7-20-25» бағдарламасы бойынша баспана мәселесін шешу мүмкіндігі туып отыр. Аталмыш бағдарлама қолға алынғанан бері Ақмола облысы республика бойынша үздік бестікке енді.

Соңғы жаңалықтар