+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

2021 жылғы 26 ақпан 12:24
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Облыстық құрылыс басқармасының мәліметінше, «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде 48 көппәтерлі үйдің құрылысы жүргізілуде, оның 28-і биыл пайдалануға беріледі.

«Жаңа жобалар биыл бірқатар аудандарда жоспарланып отыр. Оның ішінде Ақкөл ауданында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған 45 пәтерлі тұрғын үй, Шортанды ауданында 36 пәтерлі тұрғын үй, Көкшетау қаласында 4 үй бар. 2021 жылы жалпы ауданы 38,9 мың шаршы метр болатын 11 көппәтерлі тұрғын үйді немесе 594 пәтерді пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз», - деп атап өтті құрылыс басқармасындағылар.

Айта кетейік, жетім балаларға, көп балалы аналарға және халықтың басқа да әлеуметтік осал топтарына арналған жаңа құрылыстар Көкшетау, Ақкөл, Бұланды, Ерейментау, Целиноград, Егіндікөл, Шортанды аудандарында, Біржан сал ауданында және Степногор қаласында салынады. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша 2021 жылы 616 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Ақмола облысында «7-20-25, әрбір отбасы үшін тұрғын үй сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгінде өңір аталған бағдарламаны жүзеге асыруда бесінші орында тұр. Түскен 1663 өтінімнің 1224 мақұлданып, 11,2 миллиард теңгеден астам сомаға қарыз берілді.

Жалпы облыста тұрғын үйді пайдалануға беру бойынша оң динамика байқалады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 574 мың шаршы метр тұрғын үй немесе 5000 пәтер пайдалануға берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT