Ақмола облысында тұмауға қарсы вакцина егу жұмыстары басталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысында қыркүйектің 15-нен тұмауға қарсы екпе егу жұмыстары басталады. Осы ретте екпені тегін алатын адамдардың тобы анықталып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айнагүл Мусина айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының айтуынша, тұмауға қарсы екпе алу үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханасына баруы тиіс.

«Облыс аумағында екпе егетін 293 ем-шара кабинеті анықталып отыр. «Қауіпті» топтағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 82 048 вакцина қарастырылған. Осы бағытта жергілікті бюджет есебінен 13 миллион 962 мың теңгеге 16,1 мың ресейлік «Гриппол плюс» вакцинасы сатып алынды. Бұл вакцина биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егілмекші», - деп атап өтті Айнагүл Мусина.

Облыстың бас санитар дәрігері атап өткендей, тұмауға қарсы тегін екпені медицина қызметкерлері, 2-3 айлық жүкті әйелдер, созылмалы ауруымен диспансерлік есепте тұрған ересектер мен балалар, жиі ауыратын 6 айдан асқан балалар, жабық мекемелердегі адамдар алады.


Соңғы жаңалықтар