Ақмола облысында тұқым сатып алуға субсидия заңсыз беріліп келген - Прокуратура

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақмола облысының прокуратурасы элиталық тұқым сатып алуға субсидияны заңсыз беру фактісін анықтады. Айта кетерлігі, прокуратура 2013-2014 жылдарға және 2015 жылдың 1 тоқсанына жергілікті атқарушы органдармен элиталық тұқым өндіруге субсидия беру кезінде заңдылықты сақтау мәселесі бойынша «Еңбекшілдер ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мекемесіне тексеріс жүргізген болатын. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Тексеру барысында анықталғанындай, 2013 жылдың 27 мамырында «Болашақ-М» ЖШС мен «Агрофирма Родина» ЖШС арасында 25 млн. 800 мың теңгеге 430 тоннадай элиталық тұқым (бидай) сатып алу-сату шарты жасалған. Өтінімді қараудың нәтижесі бойынша, 2013 жылдың 27 маусымында «Болашақ-М» ЖШС-не 744 784 теңге сомаға 38,53 тонна элиталық тұқым сатып алуға субсидия төленген. Ал одан әрі жасалған шарттың негізінде «Болашақ-М» ЖШС 12 млн. 900 мың теңге ішінара төлем жасаған. Алайда, бұдан басқа сома өтелмеген», делінген баспасөз баянында.

Осылайша, 744 784 теңге мөлшерінде субсидияны заңсыз төлегені анықталып отыр. Осыған байланысты тексерістің нәтижесі бойынша Еңбекшілдер ауданы әкімінің атына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізілген.

Соңғы жаңалықтар