Ақмола облысында төрт студентті тоқ соғып, мерт болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын селосында төрт студентті тоқ соғып, мерт болды. Бұл туралы аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен хабарлады.

ТЖД мәліметі бойынша келеңсіз жағдай бүгін түсте Қорғалжын селосында орын алған. Жергілікті нөмір 5-ші агротехникалық коллеждің төрт студенті колледж маңында жұмыс істеп жатып темір баспалдақты көтермек болып, қуатты 380 вольтті электр сымын іліп кеткен. Осының салдарынан 1997 және 1999 жылдар аралығында туған студенттердің төртеуін де жоғары кернеулі тоқ соғып, сол жерде тіл тартпастан жан тәсілім еткен.

Қазіргі кезде тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар