+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Ақмола облысында толассыз қар жауып тұр

2021 жылғы 27 қыркүйек 16:15
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында толассыз қар жауып тұр

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат – Ақмола облысының бірқатар аудандарындағы тұрғындар қардың жауғанын xабарлап, әлеуметтік желілер арқылы фотолармен бөлісіп жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ішкі істер министрлігі ауа райының нашарлауына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады Елімізде 7 облыс аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды Алматыда тау бөктеріне 16 см қар түсті

«Макинскі қаласында алғашқы қар түсті. Бүгін түске қарай басталған қар әлі толассыз жауып тұр. Осының салдарынан қаланы қар басып, тұрғындардың жүріп-тұруы мен көлік қатынасы қиындады», - дейді қала тұрғыны Берлан Ырыс.

Алғашқы қар Зеренді және Бурабай аудандары аумағында да түсті. Қар еріп, шалшық болған соң жолдар мен көшелерде көлік кептелістері пайда болып отыр. Мұнда да тұрғындар әлеуметтік желіде алғашқы қардың суреттерімен бөлісіп жатыр. Тіпті, кейбір өңірлерде қарлы бұрқасын болып тұр.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, өңірдің басым бөлігінде жауын-шашын болады.

«Бүгін Макинскіде қар аралас жаңбыр басталды. Бірақ қар көп жатпай еріп кетеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін», - деді Ақмола облысы бойынша «Қазгидромет» РМК метеожағдай бөлімінің бастығы Даниель Жұмажанов.

Синоптиктер 29-30 қыркүйекте түнде жауын-шашын, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болатын ескертуде. Облыстың солтүстік-батысында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, облыстың солтүстік-батысында 15-20 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0-5 градус жылы, облыстың батысында 3 градус салқын, күндіз 2-7 градус жылы болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT