Ақмола облысында тірі туған баланы өлді деп анасынан айырған

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында тірі туған баланы өлді деп заңсыз анасынан айырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық прокуратурасы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалардың құқығын қорғау заңдылығына талдау жүргізген.

Талдау нәтижесі көрсеткендей балалардың ата-аналарын іздеу бойынша ішкі істер және қамқорлыққа алу органдары арасында өз іс-қимыл жүргізілмегенін көрсетті. 

Құзыретті органдар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамағандықтан кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім 14 жыл бойы ата-анасының қамқорлығынан айырылған.

Осы аралықта ол балалар үйінде тәрбиеленген.

Бала 950 грамм салмақпен туған. Дүниеге келген кезде жағдайы өте күрделі, жансақтау бөлімінде жатқан. Баланың анасының айтуынша, перинаталдық орталықта оған нәрестесінің салмағы аз, өлі туғанын айтқан. Сондықтан оны баланың одан ары қарайғы жағдайы қызықтырмаған. Ал, осы кезде перинаталдық орталық қызметкерлері тастанды балаға қатысты акт толтырған. Кейін нәресте балалар үйіне, одан әрі Ақкөл кентіндегі балалар үйіне тәрбиеленуге жіберілген.

Қазіргі кезде, жасөспірім ата-анасымен қауышты. Ал, перинаталдық орталық қызметкерлеріне қатысты тексеріс жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар