Ақмола облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтіп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -16 қыркүйекте терроризмге қарсы күресу жөніндегі астаналық жедел штабы мен Ақмола облысының аудандық жедел штабтары бірігіп, жоспарлы жедел-тактикалық жаттығу жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат жедел штабтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаттығу Ақмола облысының Целиноград және Аршалы аудандарының аумағында өтуде.

Іс-шараның мақсаты - Астана маңындағы тұрақты мекенжайларда террористік көріністерге шұғыл әрекет жасау бойынша міндеттерді орындауда жедел штабтардың күштері мен құралдарының даярлығын тексеру болып табылады.

Оқу-жаттығу аясында іс-қимыл дағдылары, сондай-ақ терроризм актілері салдарын  барынша төмендету және жою бойынша іс-шаралар өңделуде.

Оқу-жаттығу әртүрлі қиын элементтермен жауынгерлік жағдайға жақындатылған. 

Соңғы жаңалықтар