Ақмола облысында театр маусымы аяқталды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Шахмет Құсайынов атындағы Қазақ музыкалық драма театрында XXIV маусым аяқталды. Театрдың тұрақты көрермендері бар, олар бірде-бір спектакльді құр жібермейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, алдағы күндері театрда онлайн-спектакльдер ғана жұмыс істейді. Мәселен, маусымның 3-інде Балаларды қорғау күніне орай «Алтын балапан» ертегісі жоспарланған. Бұл туралы толығырақ ақпаратты Ш.Құсайынов атындағы театрдың kazdramteatr.kz сайтынан білуге болады.

«Театр грек тілінен аударғанда «ойын-сауық» дегенді білдіреді. Бірақ бұл олай емес, қазіргі заманғы театр - бұл көрерменге үлкен ой салады. «Қадір таңы», «Отбасылық құпия», «Өтірік айтпайтын адам» спектакльдері қазіргі қоғамда өзін өзі тануға, қоршаған әлемді зерттеуге жетелейді», - дейді Батырбек Тұрсынәлі.

Көрерменнің айтуынша, ол Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіндегі драма театрдың әртісі ретінде білім алуда.

«Театр-бұл рухани азық және ол үшін үлкен тәжірибе», - деп атап өтті студент.

Маусым соңында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының басшысы Айгүл Сәбитова театрдың үздік қызметкерлерінің еңбегін атап өтті.

«Жылдың үздік актері» атағын Төлебұлан Төлеуов алды, «Үздік актриса» аталымында Маржан Бөкешоваға тең келер ешкім болған жоқ.


Соңғы жаңалықтар