+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ақмола облысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде

2021 жылғы 20 қыркүйек 11:41
Бөлісіңіз:
Ақмола облысында «Таза жағалау» экологиялық акциясы өтуде

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік туризм күнін мерекелеудің қоғамдық онкүндігі шеңберінде Қарақыстақ жерінде, үлкен және Кіші Шабақты (Щучье-Бурабай курорттық аймағы) көлдерінің арасында қоқысты тазалау бойынша экологиялық акция басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы ЖЭО-2 шығарындылары 15 есе қысқарады Солтүстік Кореяда температура үздіксіз жоғарылап барады Қазақстанның қандай өңірлерінде қалдықтарды пайдалану инфрақұрылымы жасалады

Экологиялық акцияның мақсаты - табиғат тазалығын сақтау мәселелеріне қоғамның назарын аудару, сондай-ақ су объектілерінің аумақтарын қоқыстан тазарту, экологиялық жағдайды жақсарту, жергілікті тұрғындар мен туристердің экологиялық мәдениетін арттыру.

«Таза жағалау» экологиялық акциясы Ақмола облысының туризм басқармасының, Бурабай ауданы әкімінің аппаратының қолдауымен «Visit Aqmola» туристік ақпараттық орталығының бастамасымен өткізілді.

Акцияға кез келген адам санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтай отырып қатыса алады.

Экологиялық акцияға туризм басқармасының, «Visit Aqmola», Бурабай ауданы әкімі аппаратының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, «Бурабай ЖШС, Щучье жоғары техникалық колледжі, Щучье орман шаруашылығы, экология және туризм жоғары колледжі жұмыс ұжымдарының 70-тен астам адамы қатысты.

Акциясы барысында 60 қап күл қоқыс жиналды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT