Ақмола облысында тәулігіне 500 тонна ұн тартатын диірмен іске қосылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жақсы ауданының әкімі Бауыржан Мəлғаждаров өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2018 жылғы қорытындысы мен биылғы жылдағы жоспарлары туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің айтуынша, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өңірде ауыл шаруашылығында өндірген жалпы өнім көлемі 31,4 миллиард теңгені құраған. Оның ішінде, мал шаруашылығы 5,5 миллиард теңге, егін шаруашылығы 25,7 миллиард теңге көлемінде болған. Нақты көлемі индексі 98 пайыз.

«Биылғы жылы аудан диқандары 613,6 тонна астық жинады. Агротехникалық шараларды ұтымды қолданудың арқасында гектар түсімі 14,3 центнерден айналды», - дейді аудан әкімі.
null

Сонымен бірге, Бауыржан Мəлғаждаров аграрлы ауданда мал шаруашылығына да зор көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті. Оны ауданда мал санының артқанынан байқауға болады. Тірі салмақтағы ет өндірісі 3,8 мың тоннаны және сүт өндірісі 20,1 мың тоннаны құрап отыр. Өнеркәсіп саласында өндірілген өнімінің көлемі 2918,1 миллион теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 100,4 пайызды құрады.

«Аудандағы іргелі шаруашылықтар «Урожай» және «Айбат» серіктестіктері ең ірі салық төлеушілер. Биылғы жылы «Урожай» серіктестігінде қуаты тәулігіне 500 тонна ұн шығаратын диірмен және жылына 12 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдарын өңдейтін жарма цехы кешендерін іске қосу жоспарланған», - деп түйіндеді аудан әкімі.

Соңғы жаңалықтар