Ақмола облысында тәулігіне 100 тонна сүт өнімдерін шығаратын заманауи кешен пайдаланылуға берілді

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ.ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ақкөл ауданында қуаттылығы тәулігіне 100 тонна сүт өнімдерін шығаратын заманауи кешеннің құрылысы аяқталып, пайдаланылуға берілді.

Бұл туралы облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі Меруерт Палмаханова мәлім етті.

Оның айтуынша, сүт және сүт өнімдерін шығаратын инвестициялық жоба «EcoMilk» ЖШС-нің тәулігіне 100 тоннаға дейін сүт өндіруіне мүмкіндік береді. Жобаның құны 740 миллион теңгеге бағаланып отыр. Зауыттың іске қосылуы 77 жаңа жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді.

Зауыт маусымның 11-нен бастап шаруашылықтар мен фермерлерден сүт жинай бастады. Мұнда сүт өнімдерінің айран, қаймақ сияқты бірнеше түрі шығарылады. Жобаға "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы аясында 368 миллион теңге қарастырылды.

Соңғы жаңалықтар