Ақмола облысында Тәуелсіздік күніне дайындық мәселесі талқыланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен аппараттық кеңесте жерлерді бақылау мен пайдалану, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал, сондай-ақ, Тәуелсіздік күнін атап өтуге дайындалу мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ерғали Шорин баяндап бергендей, биылғы 11 айда жеке және заңды тұлғалардың өтініші бойынша 411 тексеріс жүргізілді, оның барысында жер заңнамасы нормаларын бұуға қатысты 354 факті, облыс бойынша ауыл шаруашылығы және коммерциялық мақсаттағы пайдаланылмайтын 1 683 жер телімі анықталды.

Өңір басшысы салалық басқармаға жер заңнамасы саласында аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен қабылданған шешімдердің заңдылығына тұрақты бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды. Аудандар мен қалалардың әкімдеріне тиісті шаралар қолдану арқылы пайдаланылмайтын жерлерді анықтау бойынша жұмыс жүргізуді тапсырды.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова баяндады. Облыс әкімі мемлекеттік органдардың алдына халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын, сонымен қатар БАҚ пен әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастыру арқылы азаматтардың көңіл-күйі, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының мәселелерін, жалақы бойынша берешегі бар бірқатар кәсіпорындарды ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

«Тәуелсіздік күнін атап өтуге іс-шаралардың тұтастай топтамасы қарастырылды. Оның ішінде – салтанатты жиналыс, түрлі қызмет салаларынан ел дамуына үлес қосқан азаматтарды марапаттау және құрмет көрсету, жаңа жобаларды таныстыру, жәрмеңке-сауда-саттық және басқалары.

Ермек Маржықпаев мерекелік іс-шараларды жоғарғы ұйымдастырылған деңгейде өткізуді тапсырды», деп атап өтті әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар