Ақмола облысында татуластыру орталығы ашылмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында даулар мен жанжалдарды реттеу бойынша тұрғындарға кешенді қызмет көрсететін татуластыру орталығы ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Әміров пен облыстық кәсіподақтар орталығының төрағасы Қали Рахметов арасында өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Шараға кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Лəззат Есжанова, ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ төрағасы Тілепберген Əйкенов, білім қызметкерлерінің облыстық кәсіподағының төрағасы Бейсенбай Əбдрахманов, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы Боранбай Бегалин, теміржолшылар облыстық кәсіподағының төрағасы Сапар Жəкеев, Ақмола облыстық сотының сот алқаларының төрағалары Ерлан Жанәділов пен Раджаб Даминов және облыстық соттың судьялары қатысты.

Ақмола облыстық сотының төрағасы Досжан Əміровтың айтуынша, облыс соттарымен 2016 жылы медиация тәртібімен даудың 3,3 пайызы, ал 2017 жылы - 7,4 пайызы, 2018 жылдың екі айында 12,1 пайызы қаралды.

«Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаудың тараптарға тиімділігі, олардың талап-арыз беру кезінде мемлекеттік бюджетке төлеген мемлекеттік баж сомалары қайтарылады. Мысалы, 2016 жылы - 19 002 996 теңге, 2017 жылы - 94 102 392 тенге, ал 2018 жылдың екі айында - 5 797 493 теңге мемлекеттік баж талап қоюшыға қайтарылды» - деді төраға.

Сонымен қатар, Досжан Әміров медиация институтын одан әрі дамыту мақсатында еңбек даулары мен жанжалдарды шешу мәселелерінде, медиаторларды оқыту және татуластыру рәсімдерінің тиімділігі мен оны насихаттауда соттар мен кәсіподақ ұйымдарының бірлескен жұмыс атқарулары қажеттілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар